HemForum 2026: гематология туралы кәсіби диалог және одан да кең ауқым















29–30 тамыз күндері Астанада Қазақстандық гематолог дәрігерлер қоғамы ұйымдастырған HemForum 2026 халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Биыл форум бағдарламасы дәстүрлі ғылыми баяндамалар аясынан кеңірек болды. Қан жүйесі ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, CAR-T терапиясы, трансплантация және жаңа емдеу технологияларымен қатар сүйемелдеуші терапияға, пациенттерді жүргізудегі мейіргерлердің рөліне және психологиялық қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Форумға ерекше көңіл күй сыйлаған би шеберлік сабағы кәсіби қауымдастықты тек білім мен клиникалық тәжірибе ғана емес, шынайы адами қарым-қатынас та біріктіретінін көрсетті.
HemForum 2026 тәжірибе алмасуға, ашық пікірталасқа және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға арналған алаңға айналды.
Форумның барлық спикерлеріне, қатысушыларына, модераторларына және серіктестеріне алғыс айтамыз. Келесі кездескенше!
